Атырау, 16 қаңтар 10:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.95
€ 594.49
₽ 6.50

Сансыратқан сасық иіс

2 041 рет қаралды

2012 жылдың аяғы мен 2013 жылдың басы «Рахат» ықшамауданының тұрғындары үшін адам төзгісіз сасық иіспен есте қалды. Оған кәріз жүйесінің жарамсыздығы себеп болып отыр.

- Жертөлелер лас суларға толған, подъездер мен пәтерлерде тыныс алу мүмкін емес, - дейді наразы болғанАбай көшесінің бойындағы №15«а» үй тұрғыны С. ХҰСНУДДИНОВ. – Қашан реттеледі бұл?

«Атырау су арнасы» КМК директоры Андрей ТАШЛЫКОВТЫҢ айтуынша, №№15«а», 17, 17«а» және 21 үйлерден №1 кәріздік сорғы стансасына (КНС-1) лас суларды жіберетін кварталаралық кәріздік коллектор жарамсыз болып қалған. Бұл станса 1970 жылдан бері жұмыс жасап келеді.

Андрей Ташлыков таяу күндері кәріз жүйесіндегі ақаудың жойылатындығына сендірді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

9 қаңтар 2013, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.