Тақау күндері «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына қатысушыларды – орындаушылар мен тұтынушыларды – бірқатар түзетулер күтіп тұр. Ең алдымен бұл баға белгілеуге қатысты. Қазақстандықтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету міндетін шешудің кешенді амалын ескере келіп, Үкімет шаршы метрге бағаны төмендетуге тырысуда, деп хабарлайды Рrimeminister.kz сайты.
Кешенді амалдың мәні – қолжетімді баспананы салудың көпқырлы схемасын қалыптастырып, оны іске асыру болып табылады. Екінші аспект – сату құнының құрылыстың өзіндік құны мен рентабелділігіне тікелей тәуелді екендігін ескере отырып, Министрлер кабинеті шаршы метрдің құнын төмендетудің батыл шараларын қабылдауға шешім қабылдап отыр.
Бұны құрылыс материалдары шығынын төмендету арқылы жасау көзделуде. Алайда бұл құрылыс саласында қолданылатын өнімдердің сапасы төмендейді дегенді білдірмейді. Тіпті керісінше болуы да мүмкін. Бар мәселе – Қазақстанда өзінің құрылыс материалы өндірісін құру және қуатын арттыру жөніндегі алғашқы қадам жасауда болып отыр.
«Республикада бүгінгі күні 16 үй құрылысы комбинатын салу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде, олардың 7 жобасы жоғары дайындық деңгейінде. ҮҚК-ның 6-ы ірі панелді үй құрылысы технологиясын, 4- қаңқалы-жинау және 6-аралас технологияны қолдануды жоспарлап отыр», - деп хабарлады Индустрия және жаңа технологиялар министрінің орынбасары Альберт Рау.
Көрнекілік үшін Астанадағы ҮҚК құрылысындағы жағдайға назар аударуға болады. Елордада, Астана қаласы Құрылыс Басқармасының бастығы Владимир Лютовтың айтуынша, 2 ірі үй құрылысы комбинатының жобасы әзірленуде. Бұл кәсіпорында 2014 жылы іске қосылады деп күтілуде.
«Едеуір төмендейді (үй бағасы, - ред.ескертпесі) деп ойлаймын. Құрылыс та 2-3 есе жылдам жүреді. Бүгінде шаршы метрдің бағасы $750-$800 шамасында. Менің есептеуім бойынша, үй құрылысы комбинаты іске қосылғаннан кейін баға $500 - $550 болады. Одан да төмен болуы мүмкін», - деді В.Лютов.
Өзімізде құрылыс материалдарын өндіруді жолға қою анағұрлым тиімді екені даусыз. Бұл «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында ғана емес, еліміздегі жалпы тұрғын-үй құрылысының құнын төмендетуге ықпал ететін болады.
Әзірге бұл болжау ғана. Нақты іске келетін болсақ, басқа жаңалықтарға да зер салуымыз қажет. Атап айтқанда, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасыныа қатысушылардың бірі – «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры – құрылыс мамандарының жетіспеушілігіне түбегейлі назар аудырып отыр. Осы мәселені шешу үшін ол құрылыс саласы мамандарын даярлайтын «Тұран Профи» халықаралық кәсіби академиясы» мен Астана қаласының Политехникалық колледжімен әлеуметтік серіктестік туралы Меморандумға қол қойды.
«Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының қатысушысы болып табылады, және біз бәріміз бүгінгі құрылыс саласындағы жаңа технологиялардың даму қарқынынан қалыспайтын кәсіпқой мамандардың қажет екендігін жақсы білеміз», - деді «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Нұрғалиев.
Оның үстіне, келісімде студенттерге бүкіл оқу үрдісі барысында өндірістік практикадан өтуге және одан кейін жұмысқа орналасуға жағдай жасау шарттары да көрсетілген.
«Құрылыс компаниялары бүгінгі күні білікті құрылыс мамандарына зәру, әрі бұл құрылыс сапасына да, жобаларды жүзеге асыру мерзіміне де зардабын тигізуде. Сондықтан, студенттерді өндірістік практикадан өткізе отырып оқыту арқылы бітірушілердің жұмыс істеуге дайындығының сапасын арттырып, олардың еңбектегі тиімділігін арттыру көзделуде», - деді «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басқармасының басқарушы директоры Мұқан Жолдасов.
2012 жылдың Үкіметтегі соңғы селекторлық мәжілісі «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына арналғаны сүйінішті. Әрине, мұндай өте ауқымды жобалардың өз жұмысын бастауы еш қиындықсыз болады деу қисынсыз. Сонда да болса, 2013 жылы қазақстандықтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етудің бағдарламалық құралдарының тізімінде қарастырылған жаңа бағдарламалар іске асырыла бастайтын болады. Бұл ең алдымен азаматтардың барлық санаттарының пәтерлерді жалгерлік арқылы сатып алу кампаниясының басталуы болмақ. Осыған байланысты Премьер-Министр Серік Ахметов өңір басшыларын, Астана және Алматы қалаларының әкімдерін барлық кемшіліктерді жойып, осы жұмысқа бел шеше кірісуге шақырды.
«Әкімдер дағдарыс кезінде тоқтап қалған барлық ескі жобаларды есепке алып, жұмысты бастасын. Барлық облыстарда осындай жобалар бар, қоршалған жер телімдері жылдар бойы қозғалмастан тұр. Нақты құрылысшыларды тауып, Жылжымайтын мүлік Қорымен, Тұрғын үй құрылысы жинақ банкімен жұмыс істеуге кірісіңдер. Барлық өңірдерле тұрғын үй жетіспеушілігі мәселесі аса өткір қойылып тұрған тұста – бұл оны шешудің айырықша мүмкіндігі», - деп тапсырды ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов.
Дереккөз: bnews.kz