Атырау, 8 сәуір 18:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 460.37
€ 531.87
₽ 5.82

​Атырау облысында сумен жабдықтау саласындағы маңызды нысандар тексерілді

93 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр
Видеодан алынған стоп-кадр

«Магистральды Су құбыры» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Досбол Бекмағамбетов жұмыс сапары барысында «Қиғаш» бас су сорғы стансасының, сондай-ақ Құлсары қаласындағы бірқатар өндірістік нысандардың қызметімен танысты.

Сапар аясында ол «Қиғаш» бас су сорғы стансасында өткен «Көктем-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысты. Іс-шара су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу, қызметтердің дайындық деңгейін арттыру және өзара іс-қимылды пысықтауға бағытталған.

Сапар барысында еңбек ұжымдарымен өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. «Қиғаш» бас су сорғы стансасында қызметкерлермен кездесу өтіп, өндірістік міндеттер, еңбек жағдайлары және қызмет тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Жұмыс бағдарламасы аясында Құлсары қаласындағы су тазарту қондырғысы мен №8 су сорғы стансасына бару да қамтылды. Аталған нысандардың еңбек ұжымдарымен өткен кездесулер барысында өндірістің ағымдағы жағдайы, пайдалану мәселелері және инфрақұрылымды дамыту перспективалары қаралды.

Жұмыс сапары Жылыой ауданы әкімдігінде өткен кеңеспен аяқталды. Жиын аудан әкімі Жұмабек Қаражановтың төрағалығымен өтіп, Құлсары су тазарту станциясын модернизациялау мәселесіне арналды.

 Кеңес қорытындысы бойынша өңірдегі ауыз суға деген сұраныстың артуы ескеріліп, жобаны одан әрі іске асыру және ауылдық елді мекендерді тұрақты сумен қамтамасыз ету қажеттілігі атап өтілді.

Бүгін, 17:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.