Атырау, 12 желтоқсан 19:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 516.93
€ 542.52
₽ 4.98

Қылмыс хроникасы

2 425 просмотра

Полицейге Индербор поселкесінің тұрғыны 30 желтоқсанға қараған түні үйінің ауласындағы сарайдан белгісіз біреулердің ешкісін ұрлап кеткендігі туралы шағыммен хабарласты. 18 жастағы екі бозбала ұсталды. Оның бірі Атырау тұрғыны боп шықты.

***

Жаңа жыл түнінде Сыдықов көшесінің бойындағы бос қалған коттеджді тонап кетті. Таңертең қонақтықтан келген қожайындар зергерлік бұйымдардың ұрланып кеткенін байқаған. Зиян мөлшері анықталуда.

***

31 желтоқсанда 15 сағат 40 минутта жеке кәсіпкер бутиктен ұрлық жасамақ болған 16 жастағы екі бойжеткенді ұстап алады. Жас ұрылар басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

31 желтоқсанда кешкісін Балықшыда белгісіз біреу пәтерлердің бірінің есігін сындырып кіріп, 253 мың теңге тұратын киім-кешек пен ыдыстарды тонап кеткен. Құрсай поселкесінің 31 жастағы тұрғыны күдіктеліп, оған іздеу жарияланды.

***

1 қаңтарда 00 сағатта Құлсары қаласының ІІБ-не 45 жастағы әйел адам шағымданды. 2011 жылдың желтоқсанында Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтаарал ауданының 34 жастағы тұрғынына 1,5 миллион теңге берген. Ал ол қайтармапты. Күдікті ұсталып, қолхатпен босатылды.

***

1 қаңтарда 00 сағат 20 минутта полицияға 25 жастағы бойжеткен шағымданып, екі сағат бұрын Авангард 3-ықшам аудандағы кеңседен 170 мың теңге ұрланғандығын мәлімдеді. 26 жастағы ұры ұсталып, қолхатпен босатылды.

***

2 қаңтарда  сағат 11-де Еркінқала – Атырау трассасында су полициясының қызметкерлері ВАЗ-2115 автокөлігін тоқтатты. Көліктің жүксалғышынан 115 келі сазан мен 8 келі ұсақ қара балық табылды. 29 жастағы жүргізуші балықты қайдан және кімге алып бара жатқанына түсінік беруде.

***

3 қаңтарда сағат 16-да Левая Нижняя Перетаска көшесінің бойындағы жеке үйлердің бірінде спирттік ішімдік ішу салдарынан туындаған өзара ұрыс-керіс барысында 46 жастағы үй қожайыны өзіне қонаққа келіп отырған 43 жастағы әйел адамды өлімші етіп сабап тастаған. ҚР ҚК 96-бабы (кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кісі өлтіруші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

***

4 қаңтар күні таңертең Құлсары қаласының орталық ауруханасына ішінен пышақ жарақатын алып түскен 19 жастағы жас жігіт қайтыс болды. Сол күні таңғы сағат 7-де оның үйінің ауласында 19 жастағы үш және 22 жастағы бір жергілікті тұрғын сөзге ілінісіп қалған. Ең үлкені пышақ суырып алып, қожайынға ауыр жарақат салады. Күдікті ұсталды, тергеу ісімен Жылыой АІІБ айналысуда.

***

5 қаңтарда Көкарна поселкесінің маңындағы Атырау-Дамбы трассасында су полициясының қызметкерлері ВАЗ-21074 көлігін тоқтатты. Оның салонынан ілеспе құжаттарсыз 173 келі сазан табылған.

***

5 қаңтарда Миялы селосының жас тұрғыны Сәтпаев даңғылы бойындағы үйінің жанында тұрған өз танысының «Уазигін» айдап кеткен. Көлік Нұрсая ықшамауданынан мүшкіл күйде табылған. Зиян мөлшері 300 мың теңге құрады.

***

6 қаңтарға қараған түні белгісіз біреулер Привокзальныйдағы шаштараз ғимаратына баса көктеп кіріп, түскен ақша мен құрал-саймандарды ұрлап кеткен. Зиян мөлшері 78 мың теңгені құрады. Қаскөйлер іздестірілуде.

***

6 қаңтарға қараған түні Авангардтағы үйлердің бірінің подъезінде белгісіз екеу 28 жастағы қызды соққыға жығып, оның ұялы телефоны мен 10 мың теңгесін тартып алған. Санаулы минуттардан кейін сол екеу 4-ықшам аудандағы пәтерге еркін кіріп, 30 жастағы қожайын әйелдің 50 мың теңгесін күшпен тартып алып кеткен. Күдіктілер ұсталып, оларды зардап шегушілер таныды.

8 қаңтар 2013, 18:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.