Атырау, 13 желтоқсан 04:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 522.91
€ 548.85
₽ 5.05

Лұқпан Ахмедьяровтың өмірі үшін орындаушыларға $10 мың беруді уәде еткен

1 854 просмотра

Журналист Лұқпан Ахмедьяровқа жасалған шабуылға тапсырыс берілген және шабуыл оның кәсіби қызметіне қатысты болған. Қылмыстың орындаушылары ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері болған, оларға 10 мың доллар беруді уәде еткен, деп жазуда «Орал апталығы» газеті. 

2012 жылғы 19 сәуірде кешке  «Орал апталығы» газетінің тілшісі Лұқпан Ахмедьияровты  белгісіз біреулер соққыға жықты.  Шабуылдың салдарынан Ахмедьяровқа 8 кесілген жарақат және шамамен «ОСА» травматикалық тапаншасымен 2 атыс жарақаты келтірілген. Ахмедьяров облыстық клиникалық ауруханаға жатқызылып, оған шұғыл медициналық көмек көрсетілді.

Бас прокуратура 28  желтоқсанда қылмыстың ашылып, күдіктілердің қамауға алынғандығы туралы хабарлаған. Бұл факт бойынша кісі өлтіруге оқталу (ҚР ҚК 96-бабы) белгілерімен қылмыстық іс қозғалды. Істі тергеу үшін ең үздік жедел және тергеу қызметкерлері тартылды, 500-ден аса куәлардан жауап алынды, жүздеген арнайы іс-шаралар жүзеге асырылды.

Барлық 3 тікелей орындаушы, сондай-ақ бұрын сотты болған жергілікті «Тайпақтықтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшесі болып шыққан шабуылдың ұйымдастырушысы анықталды және ұсталды.

Қылмыстың орындаушылары жасаған қылмыстарын мойындады, жәбірленуші Ахмедьяров оларды оған қарулы шабуыл жасаған тұлғалар ретінде таныды. Сезіктілердің кінәларын мойындау жөніндегі жауаптары Ахмедьяровпен болған беттестірумен, алынған травматикалық тапаншамен, сондай-ақ іс бойынша жинақталған басқа да дәлелдемелердің жиынтығымен расталды.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

8 қаңтар 2013, 23:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.