
Атырау облысы Жангелдин ауылындағы Қарабалиндер отбасының өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша жаңа деректер жарияланды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Әділов қазіргі уақытта жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатқанын, қажетті шаралар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша, тергеу барысында екі күдікті анықталған.
Солардың бірі – марқұмдардың қызы әрі негізгі күдіктінің жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева. Ол психиатриялық ауруханаға жатқызылып, стационарлық кешенді сот-психолого-психиатриялық сараптамадан өтуде.
Әділовтің сөзінше, сараптама тағайындау туралы шешім жиналған материалдар мен күдіктінің мінез-құлқына негізделген. «Оның іс-әрекеттерінде де, алғашқы жауаптарында да сараптама жүргізуге негіз болды», – деді ол. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр, жаңа күдіктілер анықталған жоқ.
Бұл іс 2025 жылғы желтоқсанда басталған. Жангелдин ауылында бір отбасы жоғалып кеткені туралы туыстары полицияға хабарлаған. Кейін іздестіру барысында төрт адамның мәйіті табылды: зейнеткер ерлі-зайыпты Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиева, сондай-ақ олардың балалары Мирамгүл Қарабалина мен Наурыз Мұқанғалиев.
Қылмысқа басты күдікті ретінде отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиев танылды. Ол Ақбаян Мұқанғалиевамен бірге елден кетіп, ақпан айында Индонезияда ұсталды. Кейін Қазақстанға экстрадицияланған соң, Сәрсемалиев Наурыз бен Мирамгүлді өлтіргенін мойындап, олардың көмілген жерін көрсеткен.
Қазіргі таңда Сәрсемалиевке Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған:
- 99-баптың 2-бөлігі – «Екі немесе одан да көп адамды өлтіру»;
- 188-баптың 2-бөлігі – «Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған ұрлық».
Тергеу жалғасуда, ал Ақбаян Мұқанғалиеваның іс-әрекетіне құқықтық баға сараптама нәтижесінен кейін берілмек.
В Атырау -10