Атырау, 7 қараша 13:53
 қар жаууы ықтималВ Атырау +3
$ 492.14
€ 528.85
₽ 5.01

Грузия жігіттерді әскерге шақырмайтын болды

1 821 просмотра

Грузия жігіттерді енді әскерге шақырмау туралы шешімге тоқталды. Елдің қорғаныс министрі Ираклий Аласания мәлім еткендей, төрт жылдан кейін Грузияның әскерінде тек келісімшартпен жұмыс істейтін сарбаздар ғана қалады, деп жазады Лента.ру. 

Қорғаныс министрінің айтуынша, ең алдымен ведомство әскери міндетті өтеу мерзімін қысқартуды көздеп отыр. Енді 15 айдың орнына Грузия жігіттері әскери борышын 12 ай өтейтін болады. 

2012 жылдың 31-желтоқсанында Грузияда күзгі әскерге шақыру маусымы аяқталып, 7400 адам отан қорғауға аттанған. Жалпы, бұл елде 2012 жылы 13 мыңнан астам адам әскерге шақырылған.

2012 жылдың ақпан айында Грузияда әскери борышын өтеу мерзімі 12 айдан 15- айға ұзартылған болатын. Бірақ, ол кезде елді ескі үкімет басқарып отырған.

2012 жылдың қазан айында өткен сайлау қорытындысы бойынша жаңа министрлер кабинеті құрылған болатын. Сайлауда елдегі оппозиция жеңіске жетіп, Аласания қорғаныс министрі болып тағайындалған.

Жалпы, Оңтүстік Осетиямен соғыс басталмай тұрғанда Грузия жігіттерді әскерге шақырмауды ұйғарып отырған болатын. Алайда, соғыс басалған соң ел президенті Михаил Саакашвили сарбаздарды әскерге шақыра отырып, әскерлер қатарын көбейткен болатын. Қазіргі таңда Грузияның қарулы күштерінде 37 мың адам қызмет етеді.

Айта кетейік, 2013 жылдан бастап Украина да жігіттерді әскерге шақырмайтын болған.

Дереккөз: bnews.kz

8 қаңтар 2013, 23:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.