Атырау, 26 қараша 13:07
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақмыс басшылығы Қарағанды облысындағы кен орнының кеншілерімен арадағы дауды шешті

2 379 просмотра

Кәсіпорын басшылығы барлық мәселелерді жұмыс тәртібімен шешу туралы ұсыныс жасады. Аз уақытқа созылған келіссөзден кейін жұмысшы ауысым өз міндеттеріне кірісті. Кен ошағы қалыпты режимде жұмыс жасауда, деп хабарлайды «Қазақмыс» корпорациясының баспасөз қызметі.  

Ұжымдық келісім шартқа сәйкес, жыл қорытындысы бойынша сыйақы беруді жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын және қауіпсіздік техникасының талаптары сақталуын есепке ала отырып, жұмыс беруші шешеді.

«Басқа тау-кен компанияларымен салыстырғанда Қазақмыс кәсіпорындарындағы жалақы Қарағанды өңіріндегі ең жоғарғы еңбекақы боп табылады», – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, кен орнының жұмысшылары еңбек талаптарына көңілдері толмайтынын білдірген болатын. Сөйтіп, кеше Нұрқазған жерасты кен орнының жұмысшы ауысымдарының бірі жыл қорытындысы бойынша сыйақы беру, жалақыны көтеру, жұмыс кестесін өзгерту сынды бірнеше мәселе бойынша кәсіпорын басшылығына сауал қойды.

Дереккөз: bnews.kz

9 қаңтар 2013, 09:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.