Атырау, 7 қазан 07:09
 дождьВ Атырау +12.2
$ 453.65
€ 509.99
₽ 5.31

Әлемде

Олимпиада чемпионы Бергсма қазақстандық болмағанына өкінді Әлемде

Олимпиада чемпионы Бергсма қазақстандық болмағанына өкінді

Астана. 20 ақпан. Baq.kz – Күні кеше коньки спортынан Сочи Олимпиадасында топ жарған голландық спортшы Йоррит Бергсма Қазақстан азаматы болғанымда байлыққа батып қалар едім деген мәлімдеме жасады. Айта кетейік, ол 10 мың шақырым қашықтық бойынша Олимпиада чемпионы атанды. 20 ақпан 2014, 12:32 2 410 рет қаралды
Янукович пен оппозиция бітімге келді Әлемде

Янукович пен оппозиция бітімге келді

Астана. 20 ақпан. Baq.kz – Украина президенті Виктор Янукович пен оппозицияның үш өкілі кеше кешкісін келіссөздер жүргізген болатын. Осы басқосудан кейін "Батькивщина"оппозициялық фракциясының жетекшісі Арсений Яценюк екі тараптың бітімге келгенін хабарлады. Енді елдегі жағдайды тұрақтандыру үшін келіссөздер жүргіземіз деді ол. 20 ақпан 2014, 12:26 1 347 рет қаралды
Украинада антитеррористік операцияға дайындалып жатыр Әлемде

Украинада антитеррористік операцияға дайындалып жатыр

Украина қауіпсіздік қызметінің басшысы Александр Якименко 26 адам мерт болған қантөгістен кейін елде жалпыұлттық "антитеррористік" операцияға дайындық жүргізілетінін хабарлады. Оның айтуынша, соңғы күндері қауіпсіздік күштерінің қолынан 1500-дей қару мен 100 мыңға жуық оқ-дәрі тартып алынып, "қылмыскерлер" қолына түскен. 20 ақпан 2014, 12:11 1 960 рет қаралды
Киев: азаматтық қақтығыс азаматтық соғысқа айналып жүрмесін... Әлемде

Киев: азаматтық қақтығыс азаматтық соғысқа айналып жүрмесін...

Кеше түнде Киев Майданы төңкеріске барды. Бір ай бойына оппозициядан нәтиже күткен олардың да төзімі таусылды. Өйткені оппозиция келіссөз барысында билікпен ауыз толтырып айтарлықтай бір келісімге келе алмады. Сондықтан бейбіт шерушілер, еріксіз бұл рөлді өз қолына алды. Алайда билік тарапынан аяусыз қарсылыққа ұрынды. Қазір Киевтің госпитальдарында ине шаншар орын жоқ, сондықтан жараланғандар шіркеуге де жеткізіліп жатыр. Адам өлімі де тіркелген. Киевтің орталық көшелері отқа оранған. Қақаған қысты елемей, алаңнан кетпеген украин халқы бүгін билік үшін де, оппозиция үшін де алаңдамайды. Олар елінің бүтіндігі үшін қорқулы... 19 ақпан 2014, 17:02 3 876 рет қаралды
Украина Жоғарғы Радасының маңында екі жүк көлігі өртенді Әлемде

Украина Жоғарғы Радасының маңында екі жүк көлігі өртенді

Жоғарғы Радаға апаратын Шелковичной көшесінде наразылық білдірушілер екі жүк көлігін өртеді. КамАз көліктерімен құқық қорғау органдары жүретін жолды қоршап қойған еді. Бұл туралы BNews.kz агенттігінің Украинадағы меншікті тілшісі хабарлайды. 18 ақпан 2014, 16:31 2 674 рет қаралды
Байқоңыр ғарыш айлағының басшысы отставкаға кетті Әлемде

Байқоңыр ғарыш айлағының басшысы отставкаға кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Байқоңыр ғарыш айлағының басшысы, «Оңтүстік» Ғарыш орталығы» ФМУК директоры Евгений Анисимов қызметінен кетті, деп хабарлайды РБК «Коммерсантъ» газетіне сілтеме жасап. 18 ақпан 2014, 09:49 1 535 рет қаралды
Эфиопия ұшағын басып алған азамат қамауға алынды Әлемде

Эфиопия ұшағын басып алған азамат қамауға алынды

Женеваға қонған Ethiopian Airlines әуе компаниясының ұшағын басып алған азамат қамауға алынды. Бұл туралы 24 heures жазғандай, Женева әуежайының баспасөз хатшысы мәлімдеді. Оқиғаның толық мән-жайы туралы ол тіл қатпады. Қаскүнемнің ұсталғаны туралы ақпаратты швейцарлық полиция да растап отыр, деп хабарлайды Лента.Ру. 17 ақпан 2014, 15:38 3 074 рет қаралды
«Хизбалла» көшбасшысы араб әлемін Сириядағы соғысты тоқтатуға шақырды Әлемде

«Хизбалла» көшбасшысы араб әлемін Сириядағы соғысты тоқтатуға шақырды

«Хизбалла» радикалдық шииттер тобының көшбасшысы шейх Хасан Насралла араб әлемін Сириядағы соғысты аяқтауға шақырды, деп хабарлайды Лента.Ру Reuters-ке сілтеме жасап. 17 ақпан 2014, 10:32 1 685 рет қаралды
Сирияда Facebook-ті пайдаланғаны үшін қызды өлім жазасына кесті Әлемде

Сирияда Facebook-ті пайдаланғаны үшін қызды өлім жазасына кесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирияның Ракка қаласында жергілікті тұрғын қыз танымал әлеуметтік желіні пайдаланғаны үшін өлім жазасына кесілді. Жергілікті шариғат соты Facebook-ті пайдалану әдепсіз қылық деп санады. Бұл туралы Росбалт хабарлады. 17 ақпан 2014, 09:52 2 507 рет қаралды
Италия премьері отставкаға кететінін мәлімдеді Әлемде

Италия премьері отставкаға кететінін мәлімдеді

Италия премьер-министрі Энрико Летта қызметінен кету ниеті барын мәлімдеді. Бұл туралы ол 13 ақпанда өзі мүшесы болып табылатын солшыл Демократиялық партиясы жетекшісі Маттео Ренцидің жаңа үкімет жасақтау туралы бастамасын қолдағаннан кейін жария етті. 14 ақпан 2014, 12:09 2 226 рет қаралды
Царнаевтың ісі бойынша сот қарашада болады Әлемде

Царнаевтың ісі бойынша сот қарашада болады

АҚШ Федералдық судьясы О'Тул Бостон қаласындағы жүгіру марафоны кезінде лаңкестік жасауға күдікті Джохар Царнаевқа сот үдерісі бас алуын 2014 жылғы 3 қарашаға тағайындады, деп хабарлады РБК. 13 ақпан 2014, 15:58 2 540 рет қаралды
Чехия премьер-министріне пара алды деген айып тағылды Әлемде

Чехия премьер-министріне пара алды деген айып тағылды

Чехия премьер-министрі Петр Нечасқа жемқорлық ісі бойынша айып тағылып, соның негізінде ол өткен жылдың маусымында отставкаға кеткен болатын, деп мәлім етті саясаткердің жақтаушысы, деп жазады ВВС. 12 ақпан 2014, 09:18 1 604 рет қаралды
ЕО Украинамен қауымдастық туралы келісімге қол қоюға әзір екендігін қуаттады Әлемде

ЕО Украинамен қауымдастық туралы келісімге қол қоюға әзір екендігін қуаттады

Еуроодақ Украинаға дағдарысты шешудің халықаралық тетіктеріне жүгінуді ұсынды. Бұл туралы Брюссельде өткен ЕО-ның сыртқы істер бойынша кеңесінің отырысында мақұлданған қорытындыларда  әңгіме болды. 11 ақпан 2014, 09:16 1 302 рет қаралды
Мәскеудің бұрынғы мэрі Юрий Лужков Сочи Олимпиадасын сынға алды Әлемде

Мәскеудің бұрынғы мэрі Юрий Лужков Сочи Олимпиадасын сынға алды

Мәскеудің бұрынғы мэрі Юрий Лужков «миллиардтарды шығындау Ресейдің жетістігі емес» деп мәлімдеді. Сонымен қатар, ол Ойындардың ашылу салтанаты екі жыл бұрынғы Лондон Олимпиадасынан көшірілгенін атап өтті. Бұл туралы utro.ru хабарлады. 10 ақпан 2014, 11:15 2 770 рет қаралды