Чехия премьер-министріне пара алды деген айып тағылды
1 282 просмотра
Чехия премьер-министрі Петр Нечасқа жемқорлық ісі бойынша айып тағылып, соның негізінде ол өткен жылдың маусымында отставкаға кеткен болатын, деп мәлім етті саясаткердің жақтаушысы, деп жазады ВВС.
Адвокат Йозеф Лжичарждың айтуынша, Нечасқа парламент мүшелерін сатып алды деген айып тағылып отыр.
Үкіметтің бұрынғы басшысы қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыптауларды бірнеше мәрте жоққа шығарып келді.
Өткен жылдың маусымында Нечастың ең жақын серіктестерінің бірі – үкімет аппаратының басшысы Яна Надьоваға жемқорлық пен қызмет бабын асыра пайдалау баптары бойынша күдікті деп танылып, салдарынан барлық министр отставкаға кеткен болатын.