Бельгия парламенті балалар эвтаназиясын заңдастырды
1 693 просмотра
Фото дереккөзі: svit24.net13 ақпанда Бельгия парламенті балалар эвтаназиясын заңдастырды, деп жазады lenta.ru.
«Балалар эвтаназиясы туралы заңға 86 парламентарий дауыс берген, 44 адам қарсы шықса, 12-сі қалыс қалды», - деп жазылған хабарламада.
Өткен жылдың желтоқсанында сенат аталған заңды мақұлдаған болатын. Енді Бельгия королі Филипп қол қойғаннан кейін заң күшіне енеді.
Бельгия 2002 жылы эвтаназияға ресми түрде рұқсат берді. Алайда кәмелетке толғандарға ғана ерікті түрде өмірмен қоштаса алатын.
Қазіргі таңда Бельгиямен қатар Нидерланды, Люксембург, Швейцария және АҚШ-тың Орегон, Вермонт және Вашингтон штаттарында осы заң қолданыста. Ал балалар эвтаназиясы тек Нидерландыда ғана заңдастырылған.