Атырау, 24 қараша 06:10
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Эфиопия ұшағын басып алған азамат қамауға алынды

2 764 просмотра
Фото: TwitterФото: TwitterЖеневаға қонған Ethiopian Airlines әуе компаниясының ұшағын басып алған азамат қамауға алынды. Бұл туралы 24 heures жазғандай, Женева әуежайының баспасөз хатшысы мәлімдеді. Оқиғаның толық мән-жайы туралы ол тіл қатпады. Қаскүнемнің ұсталғаны туралы ақпаратты швейцарлық полиция да растап отыр, деп хабарлайды Лента.Ру.

 Эфиопиялық әуе компанияның кемесі Женеваға ұшқыштар борттың басып алынғаны туралы хабар берген кезде қонған. Ұшақ Аддис-Асбебадан Римге бет алып бара жатқан. Басып алынғаны туралы хабар ұшақ Судан елінің үстінен ұшып бара жатқан кезде белгілі болды.

Хабарланғандай, Женеваға қонар алдында ұшақ әуежай үстінде бірнеше рет айналып жүрген. Әуе кемесі жерге қонғаннан кейін, вокзал қоршауға алынды.

Ұшақты кімнің басып алғаны әзірге белгісіз. Дегенмен де Airline Reporter мәліметінше, ұшақты басып алған азамат Швейцариядан саяси баспана талап еткен адам болуы мүмкін. Эфиопия үкіметі өкілінің болжамынша, басып алушы бортқа ұшақ Судан астанасына аялдаған кезде көтерілуі әбден мүмкін.

Ұшақ жолаушыларының барлығы дін аман. Ethiopian Airlines сайтында айтылғадай, жолаушылардың барлығы діттеген жерлеріне жеткізіледі.

Дереккөз: bnews.kz

17 ақпан 2014, 15:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.