Атырау, 24 қараша 05:44
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Өзбекстан президенті қызының пәтеріне тінту жүргізіліп, достары тұтқындалды

1 700 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ташкентте Өзбекстан президентінің үлкен қызы Гүлнар Каримованың пәтеріне тінту жүргізілді, деп хабарлайды Утро.ру.

Бұл шараны президент Ислам Каримовтың қауіпсіздік қызметінің басшысы, генерал Муиджон Тохирий басқарды, дейді Каримовамен таныс журналиске сілтеме жасаған Russia Today.

Russia Today ақпараты бойынша, басып алу тобы ғимарат төбесінен Каримованың жетінші қабатта орналасқан пәтерінің балконына түсіп, үйге басып кірген. Онда президенттің қызынан басқа тағы бірнеше адам, соның ішінде балалар да болған. Пәтерде тінту жүргізіліп, онда болған адамдардың ұялы телефондары мен компьютерлері тәркіленді. Үш адам ұсталды. Арнайы іс-шара кезінде Каримованың кіші қызы өзін нашар сезініп, кейін оны анасымен бірге ауруханаға жеткізген.

Бас прокуратураға үш адам жеткізілді. Олар - Рустам Махмудов (Каримованың азаматтық күйеуі), Гаяне Авакян және Екатерина Клюева. Ведомствоның сайтында хабарланғандай, бұл шара жергілікті ұйымдардың салық төлеуден жалтарып, шетелдік валютаны жасырып ұстау бойынша айыпталған бірқатар лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық іспен байланысты. Осындай қылмыстар үшін Өзбекстанда сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі.

Болған оқиғадан хабардар болған журналистер Гүлнар Каримованың жақын достарының қамауға алынуын оның осы күнгі билікті ашық сынауымен байланысты деп отыр. Осыған дейін де Каримоваға күштеп қысым көрсетілген: 2013 жылдың қараша айында ол басқарған ұйымның қызметкерлері ұсталып, тергеуге алынды. Олардың біреуі Грекияның азаматы болып шыққан, оны елден шығарып жіберген болатын.

Дереккөз: inform.kz

18 ақпан 2014, 16:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.