Атырау, 24 қараша 06:33
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Бүркіт» сарбаздары Майданға шабуылдауда (+бейнежазба)

1 801 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бүркіт» сарбаздары Тәуелсіздік алаңына шабуылдауда, деп хабарлады «РБК-Украина».

Майданның өз қорғаныс күштерінің тарапынан құқық қорғаушыларға қарай Молотов коктейльдері мен алау ұшуда. Милиция алаңға жиылған әйелдер мен балаларды ол жерде «лаңкестікке қарсы шара» өткізу жоспарланып жатқандықтан Майданнан кетуге шақырды.

Оқиға орнына қарулы күштер БТР мен үш су шашатын техниканы әкелді. Қазір Тәуелсіздік алаңында бірнеше ондаған мың бар. БТР баррикадаларды бұзып өтпек болды, бірақ қарсыласушылар оған жанар-жағармай құйылған бөтелкелерді лақтыра бастады. Осыдан кейін Майдан белсенділеріне қарсы күш құрылымдары сушашқышты қолданды.

Аймақтар атынан партияның депутаты Олег Царев «Россия 24» эфирі арқылы жергілікті уақыт бойынша 22:30-да бір сағаттың ішінде Майданның тазартылатынын мәлімдеді.

«УДАР» партиясының баспасөз қызметі оппозиционерлердің президент Виктор Януковичпен келіссөздері 19 ақпан күні  таңертең сағат 11 кезінде өтетінін хабарлады. ІІМ бұрынғы басшысы, қазір оппозициялық қайраткер Юрий Луценко  осыған дейін Януковичтің оппозиция басшыларымен кездесуі бүгін Киев уақыты бойынша 23.00-де өтеді деп мәлімдеген болатын.

Украина ІІМ-нің соңғы мәліметтері бойынша, Киевте тәртіпсіздіктер барысында 18 ақпан күні 18 адам (олардың жетеуі - милиционерлер) мерт болған. ІІМ 298 әскери қызметкер мен милиционер медициналық көмекке жүгінгенін хабарлады. Белсенділер тарапынан 290-нан астам адам зардап шеккен.

Дереккөз: inform.kz

19 ақпан 2014, 13:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.