Атырау, 8 қазан 08:53
 дождьВ Атырау +10.2
$ 447.14
€ 500.35
₽ 5.24

Әлемде

"Үлкен жетілік" Сочи саммитінен бас тартты Әлемде

"Үлкен жетілік" Сочи саммитінен бас тартты

"Үлкен жетілік" тобына кіретін, экономикасы қуатты жеті ел Ресейде өтетін "Үлкен сегіздік" елдерінің саммитіне дайындық жұмыстарына қатыспайтындарын мәлімдеді. Бұл туралы жеті ел басшылары, Еуропа Кеңесі және Еуропа комиссиясының президенті атынан дайындалған мәлімдемені АҚШ президентінің әкімшілігі таратты. 3 наурыз 2014, 12:13 3 467 рет қаралды
Украинаның сыртқы қарызы 140 млрд долларға жетті Әлемде

Украинаның сыртқы қарызы 140 млрд долларға жетті

2013 жылдың соңында Украинаның жиынтық сыртқы қарызы 140 миллиард долларға жетті. Оның ішінде 65 миллиард доллар – қысқа мерзімді қарыз. Бұл туралы Украина үкіметінің бағдарламасында айтылған, деп хабарлайды BNews.kz-тің Киевтегі меншікті тілшісі. 28 ақпан 2014, 16:39 2 845 рет қаралды
Бостон марафонына сөмкелер әкелуге тыйым салынды Әлемде

Бостон марафонына сөмкелер әкелуге тыйым салынды

Бостон марафонының ұйымдастырушылары шараға сөмкелер әкелуге тыйым салды. Жаңа ережелер туралы марафон ұйымдастырушысы – Бостон жеңіл атлетика қауымдастығы жариялады, деп хабарлайды Росбалт. 27 ақпан 2014, 15:27 2 332 рет қаралды
Януковичтің құпиялы құжаттары ғаламторда жарияланады Әлемде

Януковичтің құпиялы құжаттары ғаламторда жарияланады

«Межигорьедегі» Украинаның қашқын президентінің резиденциясы 22 ақпаннан бастап бұқараға қолжетімді болғалы бері БАҚ-ты таңғалдырғаны сарайдың ішіндегі қымбат апартамент емес, қызықты компроматтар болды. Бір қызығы, құпиялы құжаттар күл күйінде емес, ғымарат сыртындағы тоғанда жүзіп жүрген жерінен табылыпты. Осындай олжаға тап болған журналистер ондағы мәліметтерді Ғаламторға, нақтырақ айтқанда Yanukovychleaks.org сайтына шығарамыз деп бекініп отыр. 26 ақпан 2014, 13:49 2 314 рет қаралды
Лаңкестер оқушыға толы мектепті өртеп жіберді Әлемде

Лаңкестер оқушыға толы мектепті өртеп жіберді

Астана. 26 ақпан. Baq.kz – Нигерияда лаңкестік шабуылдан кейін 40-тас астам оқушы көз жұмды. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, "Боко Харам" исламистер ұйымының өкілдері мектепті атқылап, артынан өртеп жіберген. 26 ақпан 2014, 10:37 2 056 рет қаралды
Қытайда ауаның ластануы шекті шамадан асып кетті Әлемде

Қытайда ауаның ластануы шекті шамадан асып кетті

Қытайдың көпшілік бөлігін осымен бір аптаға жуық уақыт бойы қалың түтін басып тұр. 25 ақпанда Пекиннің орталығында ауаның ластану деңгейін көрсететін суспензия мөлшері бір текше метріне 444 микрограммды құрап, қалыпты мөлшерден 16 есеге артып кетті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен ауа құрамындағы суспензияның қауіпсіз саналатын қалыпты мөлшері бір текше метріне 25 микрограммды құрауы тиіс. 26 ақпан 2014, 10:30 3 259 рет қаралды
Қазақтың домбырасы Түркияның сайлау алды науқанында тартысқа түрткі болды Әлемде

Қазақтың домбырасы Түркияның сайлау алды науқанында тартысқа түрткі болды

Қазақтың қара домбырасы Түркияның сайлау алды науқанында тартысқа түрткі болды. Атқарушы биліктің «Әділет және даму» партиясы ноғай әншісі - Арсланбек Сұлтанбековтың «Домбыра» әнін партияның ұраны етіп алғаны сол еді, елдегі ұлтшылдар өре түрегелді. Олардың ойынша, билік партиясы «домбыраны» қосымша ұпай жинау үшін әдейі пайдаланып отыр, әрі бәсекелес партия авторлық құқықты таптады. 25 ақпан 2014, 17:32 3 543 рет қаралды
«Бүркіт» халықтың аяғына жығылып кешірім сұрады (+бейнежазба) Әлемде

«Бүркіт» халықтың аяғына жығылып кешірім сұрады (+бейнежазба)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Львовтағы «Бүркіттің» жүзге жуық қызметкері 24 ақпан күні кешке Тарас Шевченкоға арналған ескерткіш жанындағы алаңға жиналған қала тұрғындары алдында тізе бүгіп кешірім сұрады, деп хабарлады «Украинская правда». 25 ақпан 2014, 10:05 2 397 рет қаралды
Сочиде қысқы олимпиада ойындары аяқталды Әлемде

Сочиде қысқы олимпиада ойындары аяқталды

Сочиде 23 ақпанда олимпиада алауы сөндіріліп, қысқы спорт ойындарының жарысы аяқталды. Фишт стадионында өткен олимпиаданың жабылу салтанатында Мәскеу театрының балет тобы өнер көрсетіп, композитор Рахманиновтың шығармасы орындалды, спортшылар парады өтті. 24 ақпан 2014, 09:35 2 456 рет қаралды
Украинада уақытша президент тағайындалды Әлемде

Украинада уақытша президент тағайындалды

Украина Жоғарғы Радасы 23 желтоқсанда президенттің өкілеттілігін парламент спикері Александр Турчиновқа беру туралы өкім етті, деп хабарлайды Лента.Ру парламенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 24 ақпан 2014, 09:24 2 160 рет қаралды
Виктор Янукович белгісіз бағытта ғайып болды Әлемде

Виктор Янукович белгісіз бағытта ғайып болды

Астана. 24 ақпан. Baq.kz – Украина президенті Виктор Януковичтің қайда екендігінен хабарсыз қалып отыр деп хабар таратуда әлемдік БАҚ. 22 ақпан күні кешке қарай ол отырған тікұшақ Киевтегі «Межигорье» резиденциясынан ұшып шыққандығы бейнебақылау камераларына жазылып қалған. Кейіннен Харьковқа ұшып барып, украиндық журналистерге сұхбат бере тұрып ол елді тастап кетпейтіндігі және қазіргі кезде мемлекеттің заңды президенті екендігін мәлімдеген болатын. Онымен қоймай, Виктор Янукович ел ішінде орын алып жатқан жағдайды мемлекеттік өңкеріске балаған. 24 ақпан 2014, 09:49 2 983 рет қаралды
Янукович Ресейге қашпақ болды - А.Турчинов Әлемде

Янукович Ресейге қашпақ болды - А.Турчинов

Украина президенті Виктор Янукович Ресей Федерациясына ұшып кетпек болды. Қазіргі таңда ол Донецк облысында жүр. Бұл туралы Жоғарғы Рада спикері Александр Турчинов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz-тің Киевтегі меншікті тілшісі. 24 ақпан 2014, 09:30 1 807 рет қаралды
Юлия Тимошенко Украина үкіметін басқаруды қаламайтынын мәлімдеді Әлемде

Юлия Тимошенко Украина үкіметін басқаруды қаламайтынын мәлімдеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Батькивщина» партиясының жетекшісі Юлия Тимошенко Украинаның премьер-министрі лауазымына оның кандидатурасын қарастырмауды өтінді. Бұл туралы партияның баспасөз қызметінен хабарлайды, деп жазады РБК. 24 ақпан 2014, 09:32 2 763 рет қаралды
Янукович мезгілінен бұрын президенттік сайлау өткізу жөнінде бастама көтеретінін мәлімдеді Әлемде

Янукович мезгілінен бұрын президенттік сайлау өткізу жөнінде бастама көтеретінін мәлімдеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украина Президенті Виктор Янукович мезгілінен бұрын президенттік сайлау өткізу жөнінде бастама көтеретінін мәлімдеді. Бұл туралы "РИА Новости" хабарлады. 21 ақпан 2014, 16:35 1 653 рет қаралды
Украинада "алдын-ала келісім" жасалғаны хабарланды Әлемде

Украинада "алдын-ала келісім" жасалғаны хабарланды

Украина президенті Виктор Янукович, оппозиция жетекшілері және Еуропа Одағы елдері сыртқы істер министрлерінің келіссөздерінде елдегі саяси дағдарысты реттеу жөнінде "алдын-ала уағдаластыққа" қол жеткізілгені туралы хабарлады президенттің баспасөз қызметі. 21 ақпан 2014, 15:53 1 793 рет қаралды