Атырау, 7 қазан 19:32
 дождьВ Атырау +20.7
$ 453.65
€ 509.99
₽ 5.31

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі сотына жаңа судья тағайындалды

95 рет қаралды

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметіне Нұрхан Аманжолов тағайындалды. 

Жаңа судьяны облыстық соттың жалпы отырысында өңірлік сот төрағасы Мұхтар Парменов таныстырды. Ол Мемлекет басшысының №1511 Жарлығына сәйкес тағайындалды. 

Нұрхан Аманжолов 1991 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын заңгерліктен бастаған Нұрхан Аманжолов 2016–2025 жылдары Жамбыл облыстық адвокаттар алқасында адвокат болып қызмет атқарған.

Жиын соңында Атырау облыстық сотының төрағасы Мұхтар Парменов жаңа судьяны тағайындалуымен құттықтап, оның жауапты қызметіне сәттілік пен судьялық антқа адал болуды тіледі.

Бүгін, 18:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.