Атырау, 7 қазан 19:32
 дождьВ Атырау +20.7
$ 453.65
€ 509.99
₽ 5.31

Сот жүйесінде 30 жылдан астам еңбек еткен Атырау судьялары құрметті демалысқа шықты

98 рет қаралды

Президенттің №1511 Жарлығымен Атырау облысы сот жүйесінің үш тәжірибелі өкілі, соның ішінде облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы құрметті отставкаға босатылды. Бұған олардың сот жүйесіндегі көпжылдық мінсіз атқарған қызметі негіз болды.

Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Тәтті Уалиева, облыстық сот судьясы Айгүл Ташенова және Атырау қалалық сотының судьясы Айдарбек Дюсебалиев лауазымдарынан босатылып, зейнетке шықты.

Қызметтен босатылған судьялардың заң саласындағы өтілі мен еңбек жолы:

  • Тәтті Уалиева – сот жүйесінде 34 жылдан астам еңбек еткен, жалпы өтілі 42 жылды құрайды. Еңбек жолын 1992 жылы Батыс Қазақстан облысындағы Чапаев аудандық сотынан бастап, кейін Орал қалалық және Атырау облыстық соттарында қызмет етті. 2015 жылдан бері Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасын басқарып келді. Оның 31 жылы тікелей Атырау өңірінің сот жүйесіне арналған.

  • Айгүл Ташенова – судьялық қызметте 30 жылдан астам тәжірибесі бар, жалпы еңбек өтілі – 39 жыл. Еңбек жолын 1992 жылы Балықшы аудандық сотында бастаған. Кейін Әділет министрлігінде, Астана қаласының №2 сотында, сондай-ақ Атырау облысындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотында басшылық лауазымдарды атқарған. 2022 жылдан бері Атырау облыстық сотының судьясы болды.

  • Айдарбек Дюсебалиев – жалпы еңбек өтілі 26 жыл, оның 20 жылынан астамы судьялық қызметте өткен. Судьялық жолын 2006 жылы Атырау қалалық сотынан бастап, әр жылдары Қызылқоға және Павлодар аудандық соттарын басқарған. 2022 жылы Атырау қалалық сотына судья болып қайта оралған еді.

Осы оқиғаға орай ұйымдастырылған жиында Атырау облыстық сотының төрағасы Мұхтар Парменов, Сот әкімшілігінің облыстық департаментінің басшысы Гүлжан Джумагалиева және прокуратура өкілдері әріптестерін құрметті демалысымен құттықтап, заңдылықты нығайтуға қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.

Бүгін, 18:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.