Атырау, 24 қараша 06:31
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Юлия Тимошенко Украина үкіметін басқаруды қаламайтынын мәлімдеді

2 341 просмотра
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Батькивщина» партиясының жетекшісі Юлия Тимошенко Украинаның премьер-министрі лауазымына оның кандидатурасын қарастырмауды өтінді. Бұл туралы партияның баспасөз қызметінен хабарлайды, деп жазады РБК.

«Украинаның премьер-министрі қызметінен үміткер ретінде ұсынылғаным туралы ақпарат мен үшін күтпеген хабар болды. Бұл мәселеде менімен ешкім ақылдасып, келіскен жоқ. Әрине, көрсетіп жатқан құрметтеріңізге алғысымды білдіремін, алайда мені үкіметі басшысының орнынан үміткер ретінде қарастырмауларыңызды сұраймын», - делінген Тимошенконың мәлімдемесінде.

Айта кетейік, Тимошенконың кандидатурасы «Баткивьщина» фракциясының басшысы Арсений Яценюк және фракциядан тыс депутат Петр Порошенкомен қатар үкімет басшысы лауазымының орынтағынан үміткер ретінде аталып өткен еді.

Дереккөз: inform.kz

24 ақпан 2014, 09:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.