Киевтегі қақтығыстардан қаза тапқандардың денелері. 20 ақпан 2014 жыл. Украина Жоғарғы Радасының депутаттары 20 ақпанда атысты тоқтатып, милиция арнайы жасақтарын әскери казармаларға қайтару туралы қаулыны қолдап дауыс берді.
Құжат милицияның қару қолдануына тыйым салып, 19 ақпанда Украина ұлттық қауіпсіздік қызметі жариялаған "антитеррористік операцияны" заңсыз деп таниды. Бұдан өзге, құжатта елде төтенше жағдайды президент емес, тек Жоғарғы Рада ғана енгізе алатыны айтылған.
Қаулыны қолдап 236 депутат дауыс берді. Бірақ күшіне енуі үшін оған парламент спикері Владимир Рыбак қол қоюы керек. Ал кейбір ақпарат құралдары Рыбактың кеше елден кетіп қалғанын айтады.
Таяу уақытта депутаттар Рыбактың отставкаға кетуі және парламенттің жаңа спикерін сайлауы туралы мәселені қарайды.
Киевтегі шерушілер мен милиция арнайы жасақтарының қарсылығы кеше, 20 ақпанда қайта күшейіп, жаңа қақтығыстар болды. Киев қалалық әкімшілігінің хабарлауынша, 18 ақпаннан бергі қақтығыстарда 67 адам қаза тапқан.
Бірақ Майданның медициналық қызметі тек кешегі қақтығыстардың өзінде 70-тен 100-ге дейін адам мерт болып, жүздеген адам жараланды дейді.
Кеше Украина ішкі істер минстрі Виталий Захарченко "экстремистерден" қаруларын тапсыруды талап еткен. Ол оппозиционерлерді "уақытша бітімді бұзды" деп айыптап, "шабуыл жасалған жағдайда қолдану үшін" милиционерлерге қару берілгенін ескерткен.

Дереккөз: azattyq.org
21 ақпан 2014, 09:47