Бостон марафонына қатысуышлар, 2011 жыл. Фото: AFPБостон марафонының ұйымдастырушылары шараға сөмкелер әкелуге тыйым салды. Жаңа ережелер туралы марафон ұйымдастырушысы – Бостон жеңіл атлетика қауымдастығы жариялады, деп хабарлайды Росбалт.
Бұрын марафон қатысушылары өздерімен бірге жеке заттары салынған сөмкелер әкелген және оларды жарыстың басында, мәресінде немесе жол шетінде қалдырып кетіп отырған. Жаңа ережелер бойынша, жарыс қатысушылары марафонға жеке заттарын тек тексерілгеннен кейін әкеле алады және олар арнайы пластик пакеттерге салынады. Сондай-ақ, марафон дистанциясына бір литрден астам сұйық зат әкелуге тыйым салынды.