Севастопольдегі Бельбек әуежайына оннан астам әскери жүк көлігі келіп, жолдарды бекітіп тастады. Көліктер суық қаруланған адамдарға лық толы болған деп хабарлайды УНИАН.
Дереккөздің хабарлауынша, әскери киінген белгісіз тұлғалар әуежайдың "Қонақтар үйін" жаулап алған. Мұнда әдетте жоғары лауазымды азаматтар тоқтайтын деп жазады агенттік тілшілері.
Әзірге жолдардың не себепті жабылғаны белгісіз. Өйткені, әуежайды басып алған тұлғалар ешқандай келіссөзге шыққан жоқ, талап та қоймапты.
Қазіргі таңда Қырымда Ресейдегі "Справедливая Россия" партиясының жетекшісі Сергей Миронов жүр. Ол аймақтағы жағдайдың қалыпты екенін мәлімдеді.
Сонымен қатар, Мемлекеттік думаның өзге де өкілдері осы аймақта. Олар - боксшы Николай Валуев, генерал-майор Валентина Терешковалар.
Дереккөз: Baq.kz