Атырау, 24 қараша 06:55
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Украинада уақытша президент тағайындалды

1 908 просмотра
Фото: kazanfirst.ruФото: kazanfirst.ruУкраина Жоғарғы Радасы 23 желтоқсанда президенттің өкілеттілігін парламент спикері Александр Турчиновқа беру туралы өкім етті, деп хабарлайды Лента.Ру парламенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

УНИАН агенттігінің мәліметінше, бұл шешімге Рада отырысына қатысқан 339 депутаттың 285-і дауыс берген. Құжатқа сәйкес, Турчинов жаңа мемлекет басшысы ресми түрде қызметіне кіріскенге дейін президенттің міндетін атқаратын болады.

Бұған дейін президент сайлауы 2014 жылдың 25 мамырында өтеді деп белгіленген.

Сонымен қатар Турчиновке Украина үкімет басшысының өкілеттілігі берілген болатын. Ол коалициялық үкімет жасақталғанға дейін министрлер кабинетінің жұмысын үйлестірумен айналысады. Турчинов жаңа министрлер кабинеті 25 ақпанға дейін жасақталуын талап етті.

Украина Президенті Виктор Янукович сенбі 22 ақпанда Жоғарғы Рада шешімімен отставкаға кетті. Мемлекет басшысы парламентарийлердің бұл шешімін заңсыз деп атады. Дегенмен ол өзінің резиденциясын тастап Харьковға, одан кейін Донецкке аттанды. Шекара қызметінің мәліметінше, Донецктен шетелге кетпек болғанымен ұшақтың әуеге көтерілуіне рұқсат берілмеген. Қазір Януковичтің қайда екені белгісіз.

Дереккөз: bnews.kz

24 ақпан 2014, 09:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.