
Мәлімдемеде Ресейдің Украинадағы әрекеттері "үлкен жетілік" елдері мен "үлкен сегіздік" елдері сүйенетін ұстанымдар мен құндылықтарды бұзғаны айтылады. Олар Украинаның экономикалық дағдарыстың алдын-алу үшін халықаралық валюта қорымен келісім жүргізу әрекеттерін қолдайтынын да білдірген.
"Үлкен жетілік" елдеріне Ұлыбритания, Канада, Франция, Германия, Италия, Жапония және АҚШ кіреді. Бұл елдерге Ресей қосылып, "үлкен сегіздік" тобын құрайды. Ресей биыл маусымда Сочиде "үлкен сегіздік" саммитін өткізуді жоспарлаған.
Дереккөз: azattyq.org
3 наурыз 2014, 12:13