Виктор Янукович Фото: Женя Савилов / AFPАСТАНА. ҚазАқпарат - Украина Президенті Виктор Янукович мезгілінен бұрын президенттік сайлау өткізу жөнінде бастама көтеретінін мәлімдеді. Бұл туралы "РИА Новости" хабарлады.
Украина Президенті бұл мәлімдемесін оппозиция көшбасшылары, Ресей және Еуроодақ өкілдерімен өткізген келіссөздерінен кейін жасады. Сондай-ақ В. Янукович 2004 жылғы конституцияға қайта оралу, премьер мен парламенттің билік өкілеттіліктерін кеңейту қажеттігін атап өтті.
Дереккөз: inform.kz