«Мен кейінгі кезде орын алған кейбір оқиғаларға, әсіресе елдің бірлігі мен егемендігіне, сондай-ақ оның аумақтық тұтастығына зиянын тигізетін жағдайларға қатты алаңдаулымын», - делінген Пан Ги Мунның мәлімдемесінде.
Ол сондай-ақ РФ президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенін және оны «Киевтегі билікпен тез арада диалог бастауға» шақырғанын мәлімдеді.
Естеріңізге салып өтсек, жақында Федерация кеңесі Путинге Украина аумағына әскер енгізуге рұқсат берген болатын. Путин мұны украин аумағында тұрып жатқан Ресей азаматтарын қорғау үшін жасалып жатқан шара деп түсіндірген еді. Алайда мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтің айтуынша, президент әзірге әскерлерді енгізу туралы шешім қабылдаған жоқ.
Бұл уақытта Украинада 2 наурыздан бастап жалпыға бірдей мобилизация жарияланды.
Дереккөз: bnews.kz