Атырау, 24 қараша 06:56
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Бүркіт» халықтың аяғына жығылып кешірім сұрады (+бейнежазба)

2 151 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Львовтағы «Бүркіттің» жүзге жуық қызметкері 24 ақпан күні кешке Тарас Шевченкоға арналған ескерткіш жанындағы алаңға жиналған қала тұрғындары алдында тізе бүгіп кешірім сұрады, деп хабарлады «Украинская правда».

Халықтың талабы бойынша, «бүркіттіктер» қалың жұрт алдында, сахнаға шығып, аяғына жығылды. Осыдан кейін олардың біреуі сөз алып, «Бүркіт» әрдайым тек халықтың қамы үшін еңбек ететінін және Львовтың күш құрылымдары Киевтегі қақтығысқа қатыспағанын айтты.
ІІМ ММ мәліметтері бойынша, Львов облысында 11 ақпандағы жағдай бойынша Львов облысынан «Бүркіт» арнайы бөлімінің 130 қызметкері Киевте болған.
Көтерілісшілер мен күш құрылымдары арасындағы қақтығыстан 82 адам қаза болған.

Дереккөз: inform.kz

25 ақпан 2014, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.