Атырау, 20 маусым 11:22
 дождьВ Атырау +25.8
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64

Әлемде

Еңбек құлдығына сатылған интернат тәрбиеленушілері Бішкекке қайтарылады Әлемде

Еңбек құлдығына сатылған интернат тәрбиеленушілері Бішкекке қайтарылады

Мәскеуге еңбек құлдығына сатылып, сонда қайыр тілеп жұмыс істеген Токмок қаласының №2 психоневрологиялық үй-интернатының тәрбиеленушілері келесі аптада Бішкекке қайтады. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Қырғызстанның әлеуметтік даму министрі Құдайберген Базарбаев хабарлады. 20 қараша 2013, 16:50 1 821 рет қаралды
Сирияның химиялық қаруын теңізде жою ұсынылды Әлемде

Сирияның химиялық қаруын теңізде жою ұсынылды

Сирияның химиялық арсеналын кемеде немесе теңізде орналасқан бұрғылау қондырғысында жою ұсынылған. Бұл туралы Reuters есімін құпия қалдыруды қалаған америкалық шенеунікке сілтеме жасап хабарлады, деп жазады newtimes.kz. Бұл ақпаратты ресми түрде растайтын мәлімдеме жасалған жоқ. 20 қараша 2013, 10:43 3 943 рет қаралды
Сауд Арабиясы 2 аптада 60 мың мигрантты елден шығарды Әлемде

Сауд Арабиясы 2 аптада 60 мың мигрантты елден шығарды

Сауд Арабиясы билігі екі аптаның ішінде елде заңсыз жүрген 60 мыңдай еңбек мигрантын елден шығарды. Бұл туралы елдің ІІМ ханзада Мұхаммед бен Наиф мәлімдеді, деп жазады ВВС Орыс қызметі. 20 қараша 2013, 09:02 1 662 рет қаралды
Америкалықтар орыс баласының миын улаудың тағы бір жолын тапты Әлемде

Америкалықтар орыс баласының миын улаудың тағы бір жолын тапты

АҚШ-тың FCKH8.co компаниясы "Миша және оның аналары Олимпиадаға барады" деген тақырыппен 10 мың дана кітап басып шығарды. Онда Сочи қаласында тұратын гомосексуалдардың отбасы жайында жазылған. Компания өкілдері Сочидегі қысқы Олимпиада кезінде осынау жинақты орыстың балаларына тегін таратуды көздеп отыр деп жазады Titus.kz. 19 қараша 2013, 12:06 1 759 рет қаралды
IKEA France басшылары көңілі толмаған клиенттерді аңдығаны үшін қамалды Әлемде

IKEA France басшылары көңілі толмаған клиенттерді аңдығаны үшін қамалды

Франция полициясы швециялық IKEA жиһаз алпауытының елдегі бөлімшедегі екі басшысын ұстады. Бас директор мен қаржы директоры қызметкерлер және көңілі толмаған клиенттердің ізіне түскені бойынша тергеу кезінде қамауға алынды, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі. Топ-менеджерлерден жауап алынбақ. 19 қараша 2013, 11:53 1 587 рет қаралды
Сноуден: Австралия Индонезия Президентіне тыңшылық жасады Әлемде

Сноуден: Австралия Индонезия Президентіне тыңшылық жасады

Орталық барлау басқармасының бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден жаңадан жариялаған құжаттар топтамасына қарағанда, австралиялық барлау қызметі Индонезия Президенті Сусило Бамбанга Юдойоно мен оның зайыбының телефон әңгімелеріне тыңшылық жасады деген мәліметтер келтірілген. Бұл туралы Би-би-си хабарлады. 19 қараша 2013, 09:07 1 645 рет қаралды
Қазанда апатқа ұшыраған ұшақтың «қара жәшіктері» Мәскеуге жіберілді Әлемде

Қазанда апатқа ұшыраған ұшақтың «қара жәшіктері» Мәскеуге жіберілді

Қазан әуежайында апатқа ұшыраған «Татарстан» әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 жолаушы ұшағының «қара жәшіктері» сараптама жүргізу үшін Мәскеуге жіберілді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС ақпарат агенттігіне РФ ТЖМ басшысының орынбасары Владимир Степанов мәлім етті. 18 қараша 2013, 17:37 2 663 рет қаралды
Татарстанда «Боингтің» апатқа ұшырауына байланысты қаралы күн жарияланды Әлемде

Татарстанда «Боингтің» апатқа ұшырауына байланысты қаралы күн жарияланды

Татарстанда  бүгін, 18 қараша  Казань әуежайындағы апаттан қаза болғандарға байланысты қаралы күн болып жарияланды. Қайғылы оқиға салдарынан 50 адам құрбан болды. 18 қараша 2013, 09:06 1 975 рет қаралды
Украина Тимошенконы Еуропаға "сатқысы" келеді Әлемде

Украина Тимошенконы Еуропаға "сатқысы" келеді

Жоғары Раданың депутаты Михаил Чечетов "ТВі" телеарнасына берген сұхбатында Юлия Тимошенконы Еуропаға беру туралы ұсынысын айтты. Бірақ, еуропалықтар оның өтемі ретінде Украинаның көгілдір отын келісімінен ұтылған қаражатын қайтаруы тиіс. 15 қараша 2013, 09:41 1 678 рет қаралды
Әлемде

Гүлнара Каримова серігі қамалғанын хабарлады

Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримова жақын серігі Рустам Мадумаровтың қамалғанын хабарлады. Twitter-дегі жазбасында Каримова "Қазір "Нирвана" музыкалық заттар дүкенінің иесі "аса қауіпті қылмыскер" Рустам Мадумаровты ұстады" дейді. Ол бұдан өзге ақпарат бермеген. 13 қараша 2013, 21:24 1 660 рет қаралды
Мәскеу әуежайында Бішкектен келген жолаушыны атып кетті Әлемде

Мәскеу әуежайында Бішкектен келген жолаушыны атып кетті

Белгісіз адам 13 қарашада таңертең «Шереметьево» әуежайында оқ атты, деп жазады ИТАР-ТАСС. D терминалынан шығаберісте қаскүнем Бишкек рейсімен ұшып келген жолаушыны екі жерінен атып кетті. 13 қараша 2013, 16:49 2 005 рет қаралды
Белоруссияда арамтамақтарға салық салынуы мүмкін Әлемде

Белоруссияда арамтамақтарға салық салынуы мүмкін

Белоруссияда арамтамақтық пен жатып ішерлікке салық салуды көздейтін мемлекеттік шешімнің жобасы әзірленді. Бұл туралы елдің қаржы министрлігінің әлеуметтік сала мен ғылымды қаржыландыру басқармасы басшысы Светлана Кретова мәлімдеді, деп хабарлайды NewTimes.kz ақпарат агенттігі.  13 қараша 2013, 10:44 2 621 рет қаралды
Жапонияда мәйіттің күлін ғарышқа жерлеу қызметі ұсынылуда Әлемде

Жапонияда мәйіттің күлін ғарышқа жерлеу қызметі ұсынылуда

АҚШ-та шағын жер серіктерін пайдаланатын ғарыш бизнесі қарқынды дамуда. Тіпті «ғарышта жерлеу» секілді жаңа қызмет пайда болған, яғни марқұмның денесі өртеліп, оның күлі зымыран тасығышпен ғарышқа жеткізілмек, деп хабарлайды ресейлік Inosmi.ru сайты жапониялық Никкей агенттігіне сілтеме жасай отырып. 13 қараша 2013, 09:54 5 867 рет қаралды
Виктор Янукович Мәскеуде неге жасырынып жүр? Әлемде

Виктор Янукович Мәскеуде неге жасырынып жүр?

Украина президенті Виктор Янукович демалыс күндері Мәскеуге жасырын келіп кетті. «Эхо Москвы» радиостанциясының хабарлауынша, бұл мәліметті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков растап отыр. 12 қараша 2013, 09:03 2 367 рет қаралды
Варшавадағы Ресей елшілігіне поляк ұлтшылдары шабуыл жасады Әлемде

Варшавадағы Ресей елшілігіне поляк ұлтшылдары шабуыл жасады

Варшавада Польшаның тәуелсіздік күніне орай өткен шеру кезінде әсіреұлтшылдардың жаппай тәртіпсіздігін тоқтату үшін полиция көзден жас ағызатын газ шашып, резіңке оқ атты, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі. 12 қараша 2013, 08:55 2 154 рет қаралды
Сирия оппозициясы келіссөз жүргізгісі келеді Әлемде

Сирия оппозициясы келіссөз жүргізгісі келеді

Сирияның ұлттық оппозициялық коалициясы қараша айының аяғында Женевада өтетін бейбіт конференцияға қатысуға тілек білдірді, деп хабарлайды Би-би-си. Айтулы шараны АҚШ пен Ресейдің біріге өткізіп отырғандығын айта кету керек. 11 қараша 2013, 09:59 1 749 рет қаралды