Қытай спутнигі өткен аптада жоғалып кеткен Malaysia Airlines әуе компаниясының ««Boeing-777-200» ұшағының құлаған жерін анықтады.
Қытайлық мамандардың сөзіне қарағанда, түсірілген суреттерден теңізде қалқып жүрген үш нысанның сұлбасы анық көрінеді. Бұлардың лайнердің бөлшектері болуы әбден мүмкін.
Еске сала кетсек, ұшақ бортында 239 адам: 227 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі болған.
MH370 рейсі Куала-Лумпурден Бейжіңге бет алған. ««Boeing-777-200» сенбіге қараған түні радар экранынан жоғалып кеткен. Апат Вьетнамға қарасты Тхо-Чу аралынан 250 шақырым қашықтықта орын алған.
Дереккөз: Baq.kz