Атырау, 24 қараша 05:28
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қарағандының тумасы смс хабарлама үшін Минскіде ұсталды

1 519 просмотра
Минскіде жарты күн бойы жолаушылар қалалық метроға кіргізілмеді. Милиция бұның себебін түсіндірді. Оған жер асты жолын жару жоспарланғаны жайлы смс хабарлама себеп болған екен, деп хабарлады «Вчерний Гродно».

Белорусь Республикасының ІІМ және МҚК сайттарында хабарланғандай, студент қыз метродағы жолаушылардың бірінің жарылғыш затты іске қосқалы жатқаны жайлы смс хабарламаны теріп жатқанын байқап қалған. Алаңдаушылық білдірген қыз метроның «Октябрьская» стансасындағы милиционерге айтып берген.
Елорданың қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері милиционерлермен бірге заманауи техникалық құралдар көмегімен жолаушының жеке басын анықтап, оны қамауға алды. Ол Минск облысында тұратын Қарағанды облысының 35 жастағы тумасы болып шықты.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

4 наурыз 2014, 09:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.