Еске сала кетейік, сенбі күні жергілікті уақыт бойынша 21:00-де қаруланған 10 адам Куньмин қаласының теміржол вокзалына шабуыл жасаған. Салдарынан 29 адам қаза болды, 130-дан астамы жарақаттанды.
Жергілікті билік орындарының мәліметіне қарағанда, террорлық акті алдын ала жоспарланған және оны шыңжаң сепаратистері жүзеге асырған. Полиция олардың төртеуін атып тастады, тағы бір күдіктіні қамауға алды.
Си Цзиньпин зардап шеккендерге толық медициналық жәрдем беруді тапсырды. Сондай-ақ болған оқиғаның қаншалықты күрделі, қатыгез екенін жете түсінуге және терроризммен күресуде қатаң шараларды қолдануға шақырды.
Дереккөз: ҚазАқпарат