Атырау, 24 қараша 07:31
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жоғалған Boing-777 ұшағының ұшқышы бұған дейін ұшу ереже бұзған

2 267 просмотра
Malaysia Airlines әуе компаниясының жоғалған Boeing-777 ұшағындағы пилот бұған дейін де ұшу ережелерін бұзғандығы анықталып отыр. Нақтысын айтқанда, ол жолаушылар қатарындағы бойжеткендерді ұшқыштар кабинасына алып кірген. Бұл жайында Ассошиэйтед Пресс хабарлайды. 

Қазір жайтты тәртіп сақшылары тексеруде. Бұл тексеруге автралиялық A Current Affair бағдарламасының кезекті көрсетілімі себеп болып отыр. Онда Мельбурн қаласында тұратын Джонти Роос есімді бойжеткен 2011 жылы құрбысымен малайзиялық ұшаққа мінгендігін айтты.Тайландтың Пхукет қаласынан Куала-Лумпурге жеткенше қыздар пилоттармен бірге ұшқыштар кабинасында уақыт өткізіпті. Сол ұшқыштардың бірі Фарик Абдул Хамид кешегі жоғалған Boeing-тың пилоты болып шықты. Оны компания басшылары өте тәжірибелі ұшқыш екендігін айтып отыр.
Джонти Роос болса пилоттардың кабинада темекі тартқандығын да айтты. Тіпті, көңіл көтеріп, барлығы фотосуретке де түскен.

Дереккөз: Baq.kz

12 наурыз 2014, 09:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.