Құқық қорғаушылардың күдігіне ілінген әлгі екеудің бірін Куала-Лумпурде (Малайзия) тұратын ирандық азамат танитын болып шықты. Оның айтуынша, екеуі мектеп кезінен бірін-бірі біледі. Тегераннан Малайзияға келген кезде әлгі "күдікті" мұның үйінде тұрақтаған.
Куала-Лумпурде ирандықтар жалған құжат жасатып, Пекин арқылы Амстердамға ұшпақ болған. Осылайша олар Еуропаға қоныс аударғысы келіпті.
Ал, Тайланд полициясы болса әлгі екі азаматқа Пекинге дейін билетті Казем Әли есімді ирандықтың сатып алып бергендігін айтты.
Естеріңізге салайық, сенбіге қараған түні Малайзиядан ұшқан Бойнг ұшағы ұшты-күйлі жоғалып кеткен болатын. Мамандар оны теңізге құлады деп болжағанымен, әлі күнге дейін су бетінен ұшақ қалдықтары табылған жоқ. Тәртіп сақшылары лаңкестік жасалуы мүмкін деген болжамды да айтып отыр. Өйткені, ұшақ бортына ұрланған төлқұжатпен екі азамат мінген. Қазіргі таңда әуе лайнерін 9 елдің құтқарушылары іздестіріп жатыр.
Дереккөз: Baq.kz