Кения Президенті Ухуру Кениата үкіметтік жалақы қорының көлемін азайту мақсатында өзінің және Министрлер кабинеті мүшелерінің еңбекақысын төмендету жайында мәлім етті.
Президент пен вице-президенттің жалақысы 20 пайызға, ал министрлердің айлығы 10 пайызға азайтылды.
Сонымен қатар Кениата шетелдік сапарларды барынша азайту жоспарланып отырғандығын атап өтті.
Мемлекет басшысы бұған қоса кениялық парламенттің мүшелерін де осындай үнемдеу шараларын енгізуге шақырды.
Байқаушылардың сөзіне қарағанда, шенеуніктердің жалақысы осы елдің қоғамында ең көп талқыланатын тақырыптардың бірі.
Халықаралық қылмыстық сот Кениата мен вице-президент Уильям Рутоны 2007 жылғы президенттік сайлаудан кейін Кенияда зорлық-зомбылықтың отын жақты деп айыптауда.
Дереккөз: ҚазАқпарат