Кеше Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Украинадағы жағдайға қатысты Мәскеудің ұстанымы туралы сұрақтарға жауап беру үшін жиырмадан астам журналиспен кездесу өткізген болатын. Кездесу барысында Украинаның заңды президенті Януковичтің денсаулығына қатысты да сұрақтар қойылды.
В.Путиннің айтуынша, Виктор Янукович өміріне төнген қауіпке байланысты Ресейге кетуге мәжбүр болған.
«Ол (Янукович – агент.ескерт) Ресей Федерациясы аумағына келгеннен кейін мен онымен бір рет кездестім. Сол кезде ол тірі әрі дені сау болатын, соны сіздерге де тілейді. Оған осы қауесетті таратқандардың жерлеу рәсімінде әлі тұмау тиіп қалмаса жақсы», - деп қалжың аралас жауап берді РФ президенті журналистің сәйкес қойған сұрағына.
Дереккөз: bnews.kz