
Атырауда прокурорлардың араласуымен жер салығы дұрыс есептелмеген 6,5 мыңға жуық жер пайдаланушының заңды құқығы қорғалды. Тексеру барысында есепте салық коэффициенттері ескерілмей келгені белгілі болды.
Атап айтқанда, Алмалы ауылдық округінің құрамындағы Береке ауылы мен оған қарасты бақшашылық серіктестіктерінде жер салығын есептеу кезінде қажетті коэффициенттер қолданылмаған. Осының салдарынан тұрғындарға есептелген салық сомасы бұрмаланып, азаматтардың нақты қанша төлеуі тиіс екені белгісіз болып келген.
Бұл олқылықтан, әсіресе, ірі саяжай алқаптарының тұрғындары көбірек зардап шекті. Олардың қатарында:
«Энергетик-5»
«Геофизик»
«Аграрник»
«Автомобилист-сельхозработник»
«УС-99»
«Авиатор»
«Строитель Еңбек» бақшашылық серіктестіктері бар.
Прокуратураның қадағалау актісінен кейін салық коэффициенттері заң талаптарына сай қайта есептеліп, жер салығының мөлшері қайта белгіленді. Қазіргі уақытта төлем сомалары толықтай заңды шеңберге келтірілді.
Ведомство жер қатынастары саласында азаматтардың құқықтарының сақталуын ары қарай да бақылауда ұстайтынын хабарлайды.
В Атырау +18.8