Фото: Global Look PressРесей билігі Украинаның биліктен кетірілген президенті Виктор Янукович өз елінде тәртіп орнату үшін ресми түрде Мәскеуден әскер кіргізуді сұрағанын мәлімдеді. Бұл туралы кеше Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Виталий Чуркин БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төтенше жиынында хабарлады.
Чуркиннің айтуынша, Янукович бұл туралы Путиннің атына 1 наурызда хат жолдаған. Янукович хатында Украинада тұрғындар "саяси және тілдік белгілері бойынша қудаланып жатқанын" айтып, Ресей президентінен онда халықты қорғау үшін қарулы күш қолдануды сұраған.
Бірақ Қауіпсіздік кеңесінің жиынында АҚШ пен Ұлыбритания өкілдері Ресей Украина территориясына әскерін "ойдан шығарылған сылтаумен" кіргізді деп мәлімдеді. АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Саманта Пауэр Чуркиннің мәлімдемесін "шындыққа сай келмейді және Ресейдің Украинаға әскер кіргізгеніне ақталған түрі" деп атады.
Ол мысқылдап, "Ресейді БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары атынан сөйлейтін, жедел әрекет ету құралына айналған екен деп ойлап қалуға болады екен,-" деді.
Пауэр Ресей әскерінің Украинада кіргізілуін "қауіпті әскери интервенция" деп атап, әскерін дереу шығаруды талап етті. Ол Ресей мен Украина үкіметі арасныда дереу тікелей келіссөздер бастап, Украинаның тұтастығын қалпына келтіруге және онда халықаралық бақылаушылар жіберуге шақырды.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Украинадағы жағдайға қатысты соңғы төрт күнде осымен үшінші рет төтенше жиын өткізіп отыр.
Киевтің мәлімдеуінше, Ресей әскері Қырымда әлі жүр.

Дереккөз: azattyq.org
4 наурыз 2014, 09:49