
Астана полициясы әлеуметтік желіде үлкен резонанс тудырған кішкентай ұл бала мен бойжеткен түскен даулы видеоға қатысты пікір білдірді.
Қазнетте тараған бұл кадрларға құқық қорғау органдары назар аударды. Бейнежазбада көлік салонындағы бойжеткеннің баланы ернінен сүйіп жатқаны, ал оның анасы бұл сәтті ұялы телефонға түсіріп тұрғаны көрінеді.
Астана қалалық Полиция департаменті хабарлағандай, бойжеткеннің жеке басы анықталды. Ол баланың анасының 23 жастағы құрбысы болып шықты.
«Полиция мұқият тексеріс жүргізді. Бойжеткенді жауапкершілікке тартуға негіз анықталған жоқ», — деп нақтылады ведомстводан.
Дегенмен бұл жағдай жазасыз қалған жоқ: баланың анасына қатысты кәмелетке толмаған ұлын тәрбиелеу және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.
В Атырау +18.8