Штаб басшылары бірлескен комитетінің төрағасы генерал Мартин Демпси конгресс комитетіне Орталық барлау басқармасының бұрынғы қызметкері ұрлап кеткен құжаттардың басым бөлігі АҚШ-тың әскери әлеуетіне, әскери операцияларына және тактикасына қатысты болғанын хабардар етті.
Оның айтуынша, құпия ақпараттың бұқараға мәлім болуынан келген шығынды жою үшін арнайы жұмыс тобы құрылыпты.
Компьютерлік технологиялар маманы Сноуден арнайы қызметтердің жұмысы жайлы құпиялы ақпараттарға қол жеткізіп, өткен жылдың мамырында АҚШ-тан қашып кеткеннен кейін жұртқа жайып жіберген болатын.
Маусым айынан бері ол бір жылдық мерзімге пана алып, Ресейде тұрып жатыр. Ал АҚШ шпионаж жасағаны үшін заң алдында жауап бергізу үшін Ресейден Сноуденді беруін талап етіп отыр.