Атырау, 30 қыркүйек 04:20
 ашықВ Атырау +20
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Германияда тұрғын үйде жарылыс болды, адам шығыны бар

1 809 просмотра
Германияның солтүстігіндегі Итцехо қаласында дүйсенбі күні тұрғын үйде жарылыс болып, соның салдарынан 3 адам қаза тапты, 15-і жарақат алды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС жергілікті полиция өкілінің хабарламасына сілтеме жасап. 

Олардың мәліметіне қарағанда, мәйіттер қирандылардың астынан табылған.

Қазір оқиға орнында 360 құтқарушы, кинологтар мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдайдың себептерін мамандар анықтайды, газ құбырының ақауы жарылысқа себеп болуы мүмкін деген болжам айтылуда.

Оқиға орнына жақын маңда орналасқан тұрғын үйлерден ондаған адам қауіпсіз жерге көшірілді, олар қаладағы қонақ үйлерге орналастырылған.

Дереккөз: bnews.kz

 

11 наурыз 2014, 09:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.