Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг Америка үкіметінің тыңшылық бағдарламаларына қатысты наразылығын білдіру үшін АҚШ президенті Обамаға телефон шалған. Цукербергтің айтуынша, олар Интернеттің болашағына балта шауып отыр, деп жазады ВВС.
Өзі жасап шығарған әлеуметтік желідегі жеке парақшасында Марк Цукерберг қазіргі жағдайға қатысты өз пікірін білдіру үшін және билік тарапын ашықтыққа шақыру үшін Обамаға хабарласқанын жариялапты.
Таяуда жарияланған құпиялы құжаттардан мәлім болғандай, АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігі Facebook-те жалған парақшалар ашып, қажетті ақпараттарды аулап отырған.
Ақ үй Обама мен Цукербергтің телефон арқылы тілдескенін растап отыр.
Дереккөз: bnews.kz
14 наурыз 2014, 10:06