Атырау, 24 қараша 05:42
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жарты миллион доллар ұтылған АҚШ азаматы ойынхананы сотқа берді

2 583 просмотра
Лас-Вегаста 500 мың долларын ұтылып қалған Калифорния тұрғыны ойынханамен соттасуда. Ол мекеменің қызметшілері оны мас қылып, соңынан үлкен қарызды мойнына іліп қойғанын айтады, деп хабарлайды ВВС.

 Марк Джонстон Лас-Вегастағы Downtown Grand Casino ойынханасына 30 қаңтарда келіп, ойын үстелінде 17 сағат өткізген.

Осы уақыт аралығында қызметшілер оған тегін ішімдік құйып, сондай-ақ бірнеше мың долларға ссуда берген. Ойынның қызығына түскен ол барлық ақшасын ұтылып қалады.

Келесі күні Джонсон өз нөмірінде оянып, өткен түннен ешнәрсені есіне түсіре алмайды, сондай-ақ өзінің жарты миллион қарызы жайлы да білмеген. Ал ойынхана болса, болған жайтқа түсініктеме беруден бас тартты.

Лас-Вегас орналасқан Невада штатының заңдарына сәйкес, ойынхана ішімдікке масайған қонақтарға ойын үстеліне отыруға рұқсат бермеуі тиіс еді. 

Дереккөз: bnews.kz

7 наурыз 2014, 09:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.