Қырым картасы. Көрнекі сурет. Украинаның Қырым автономиялық республикасының парламенті республиканың Ресей құрамына қосылуын қолдап дауыс берді. Парламент аймақтың Ресейге қосылу мәселесін дауысқа салу туралы референдумды 16 наурызда өткізуді мақұлдады.
Ресейлік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Қырымның бірінші вице-премьері Рустам Темиргалиев "депутаттар аймақтың Ресей құрамына қосылуын бірауыздан қолдағанын" айтқан.
Оның түсіндіруінше, референдумда тұрғындарға "Қырымның Украина құрамында қалғанын қолдайсыз ба әлде Ресей құрамына қосылғанын қалайсыз ба?" деген сұрақ қойылмақ.
Қырымның таяуда тағайындалған ресейшіл үкіметі Украинаның жаңа басшылығын мойындамайды.
Қырымның ресейшіл үкіметі әуелде республиканың мәртебесін айқындайтын референдумды 25 мамырға белгілеген еді. Кейін оны 30 наурызға өзгерткен.
Қырым халқының басым көпшілігі - орыстілді тұрғындар. Онда Ресейдің Қара теңіз флоты бар.

Дереккөз: azattyq.org
6 наурыз 2014, 19:03