Атырау, 24 қараша 05:55
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Меркель Путинді Украина тұтастығына қол сұқпауға шақырды

1 544 просмотра

Ал осы тұста Владимир Путин мен Германия канцлері Ангела Меркель телефон арқылы Қырымдағы жағдайды талқылады. Ресей басшысы ЕҚЫҰ аясында арнайы топ құрып, аймақтағы жағдайды тексеруге келіскен. Бұл жөнінде Reuters агенттігі хабарлайды.

Германия үкіметінің өкілі Георг Шрайтердің мәліметі бойынша Путин Қырымдағы жағдайды саяси диалог арқылы шешуге қарсы емес. Арнайы топтың қандай қызмет атқаратыны, қашан жұмысын бастайтыны әзірше нақтыланған жоқ.

Әңгіме барысында Меркель Ресей басшысын Украинаның аймақтық тұтастығына құрметпен қарауға шақырды. Өз кезегінде Путин Ресей тарапынан қолданылған шаралардың «ерекше жағдайға» сай жасалып отырғанын айтқан.

Дереккөз: astanatv.kz

3 наурыз 2014, 15:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.