Кейбір ақпараттарда Виктор Януковичтің Қырым мен Севастополь автономды республикаларының оңтүстік-шығыс облыстарындағы депутаттар съезіне қатысатындығы айтылған болатын. Алайда, бұл жиында ол төбе көрсетпеді.
Кейіннен Янукович отырған ұшақтың Донецк әуежайынан көкке көтерілуіне украин шекарашылары мүмкіндік бермей қойғандығы да айтылды. Одан кейін ол өзінің оққағарларымен бірге белгісіз бағытпен кеткендігі жария болды.
Парламенттегі Януковичтің өкілі болып табылатын Юрий Мирошниченко кеше ел президентінің қайда екендігінен мүлдем хабарсыз екендігін мәлімдеді. Ал Харьков басшысы Геннадий Кернес болса, жексенбіде Ресейден өз еліне оралған бетте «Янукович қайда?» деген сауалға жауап бере алмаған.
Қайсыбір БАҚ пен әлеуметтік желілердегі қызу тылқылауларға қарағанда, Виктор Янукович Қырымда жасырынып жатқан көрінеді. Немесе, Ресей мен Беларусьқа қашып, тіпті, Оман мен ОАР-ға өтіп кеткен болуы да мүмкін екендігі айтылуда. Ал жоғарыда аталған елдердің ішінен Парсы шығанағының елдері ғана мұндай болжамдарды ресми түрде жоққа шығарды деп хабарлайды «Euronews».
Енді бір болжамға сүйенсек, Янукович Украина аумағындағы арнайы бункерлердің бірінде жасырынып жатқан болуы да мүмкін.
Кеше кешкісін тараған ақпараттарға сүйенсек, Януковичке Қырымда құрық салынған. Алайда, бұл мәліметті елдің Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Арсен Аваков жоққа шығарды.
Дереккөз: baq.kz