Санкцияда адам құқығын бұзған, шектен тыс күш қолданған тұлғалардың активтерін жабу және оларға виза беруге тыйым салу қарастырылған. Сондай-ақ ЕО-ға мүше-мемлекеттер бұл елге ішкі қуғын-сүргінге қолданылуы ықтимал құрал-жабдықтар мен техниканы жеткізуді тоқтатуға уағдаласты.
ЕО сыртқы істер министрлері Еуроодақ санкциясына ілігетін тұлғалардың нақты тізімін анықтау мәселесін шешуді кейінге қалдырды. Дегенмен бұл шешімнің таяу күндері қабылдануы күтілуде.
Айта кетер жайт, шектеу шаралары қазіргі уақытта Украинада жүрген және Виктор Януковичпен келіссөз жүргізіп жатқан Германия, Польша және Франция сыртқы істер министрлерімен келісілген.
Дереккөз: inform.kz