БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстанның астанасында АҚШ елшілігі ғимаратының жанында жастар қоғамдық қозғалыстарының бірі қызтекелікті насихаттауға қарсы митинг өткізді.
Пикетке қатысушылар дәстүрлі қарым-қатынас пен Қырғызстан қоғамында отбасы құндылықтарын сақтауға байланысты өз ойларын ортаға салды. Олар Қырғызстанда дінге, сенімге және әдепке қарсы белсенді қызтекелердің ойларын жат қылық деп атады.
Қорытындысында акцияның қатысушылары дәстүрлі емес қарым-қатынас бейнесі бар плакатты өртеп, қырғыз отбасы бейнеленген суреті бар плакатты жайды.
Дереккөз: inform.kz
В Атырау +3