Атырау, 18 ақпан 15:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.99
€ 580.25
₽ 6.38

Янукович Ресейге қашпақ болды - А.Турчинов

1 731 рет қаралды
Украина президенті Виктор Янукович Ресей Федерациясына ұшып кетпек болды. Қазіргі таңда ол Донецк облысында жүр. Бұл туралы Жоғарғы Рада спикері Александр Турчинов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz-тің Киевтегі меншікті тілшісі.

«Янукович РФ-ға баратын ұшаққа мінбекші болды, бірақ оны шекарашылар тоқтатты. Қазір ол Донецк облысында жасырынуда», - деді А.Турчинов сенбі күні өткен Жоғарғы Рада отырысында.

Дереккөз: bnews.kz

24 ақпан 2014, 09:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.