Атырау, 24 қараша 06:55
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Лаңкестер оқушыға толы мектепті өртеп жіберді

1 751 просмотра
Астана. 26 ақпан. Baq.kz – Нигерияда лаңкестік шабуылдан кейін 40-тас астам оқушы көз жұмды. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, "Боко Харам" исламистер ұйымының өкілдері мектепті атқылап, артынан өртеп жіберген.

Адам құқықтарын қорғаумен айналысатын Amnesty International халықаралық ұйымына Нигерияның солтүстігінде оқушылар мен мұғалімдерге жиі шабуыл жасалатындығы жайында шағымдар түскен. Ұйым өкілдерінің айтуынша, лаңкестер уақыт өткен сайын жауызданып барады. Олар мектеп табалдырығын енді аттаған балаларды да аямайтын көрінеді.
Мәселен, жуырда ғана елдегі ауылшаруашылық колледжіне шабуыл жасалып, 50 студент өлтірілген.
"Боко Харам" лаңкестері зайырлы ілімді күнә деп есептейді. Олар соңғы бірнеше айда мектептер мен өзге де оқу орындарына лаңкестік шабуылдарын жасаған. Көздейтін негізгі мақсаттары - шариат заңымен жүретін ислам мемлекетін құру.

Дереккөз: baq.kz

26 ақпан 2014, 10:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.