Атырау, 30 қыркүйек 00:35
 ашықВ Атырау +20
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Сочиде қысқы олимпиада ойындары аяқталды

2 153 просмотра
Сочидегі Олимпиаданың жабылу салтанаты. Фото: Кирилл Кудрявцев / AFP.Сочидегі Олимпиаданың жабылу салтанаты. Фото: Кирилл Кудрявцев / AFP.Сочиде 23 ақпанда олимпиада алауы сөндіріліп, қысқы спорт ойындарының жарысы аяқталды. Фишт стадионында өткен олимпиаданың жабылу салтанатында Мәскеу театрының балет тобы өнер көрсетіп, композитор Рахманиновтың шығармасы орындалды, спортшылар парады өтті.

Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бахтың айтуынша, Сочиде спортшылар мен жанкүйерлер үшін "ерекше жағдай" жасалды. Бах спорт ареналары, Олимпиада қалашығы сапасын жоғары бағалап, олимпиаданың "мінсіз ұйымдастырылғанын" айтты.

Олимпиаданың дайындығына 51 миллиард АҚШ долларын жұмсаған Ресей билігі ойындар халықаралық деңгейде елдің жаңа бейнесін қалыптастыруға септігін тигізгенін мәлімдеді.

Ресей олимпиада қорытындысында медаль саны бойынша 33 медаль, оның ішінде 13 алтын жүлдемен бірінші орынды иемденді. Ресейден кейінгі екінші және үшінші орындарды Норвегия мен Канада алды. 

Келесі қысқы олимпиада ойындары 2018 жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтеді.
 
Дереккөз: azattyq.org
24 ақпан 2014, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.