Украинада 25 мамырда өтетін мерзімінен бұрын президент сайлауы бойынша сайлау науқаны басталды.
Осы күннен бастап және 30 наурызға дейін президенттіке үміткерлер ұсынылады. Үміткерді тіркеу үшін 2,5 млн гривен сомасында ақшалай кепіл енгізу қажет. Үміткерлерді тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына құжаттар тапсырудың соңғы мерзімі – 4 сәуір.
Естеріңізге салып өтсек, Жоғарғы Рада 22 ақпан күні 25 мамырда мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы қаулы қабылдаған болатын. Оған Виктор Януковичтің үш айға созылған жаппай наразылық акцияларынан кейін жоғалып кетуі себеп болды. Оның қайда екені әлі күнге дейін белгісіз.
24 ақпан күні Жоғарғы Рада мемлекеттік бюджетке өзгеріс енгізіп, сайлау өткізуге 1,965 млрд гривен бөлді.
Дереккөз: bnews.kz